Қазақстанда баспана бағасы тұрақтанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов баспана бағасының өсуін тежеу үшін қандай шаралар жүргізілгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Жыл басынан бері бастапқы тұрғын үйдің бағасы 5%-ға өсті. Қазір динамика төмендеді. Соңғы айда шамамен 0,8%-ға өсім байқалды. Тұрғын үй нарығындағы баға қымбаттауының негізгі себебі – нарыққа 1 трлн 200 млрд теңге зейнетақы активтерінің түсуі еді. Біз бағаның өсуін тежеу үшін үй салушыларға бағаның төмендеуі туралы 11 ескерту жібердік, олармен келіссөздер жүргіздік және қазір тұрғын үй бағасының динамикасы тұрақтанғанын байқап отырмыз», - деді Р. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, ол «Биржалық сауданың енгізілуіне байланысты бензин бағасының өсуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

«Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің өндірісі тұтыну көлемін толығымен жабады. Тұтыну жағдайында да Атырау, Шымкент зауыттарындағы мұнай өнімдерінің қорлары сұранысты қанағаттандыруға жеткілікті. Бізде бензин тапшылығы жоқ екенін ескерсек, биржалық сауда-саттықтың енгізілуіне байланысты бағаның күрт өсуіне еш негіз жоқ», - деп жауап берді агенттік өкілі.

Бұған дейін Р. Ахметов азық-түлік бағасының қымбаттау себептерін түсіндірген еді.


Соңғы жаңалықтар