+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қазақстанда баспана арзандады

2021 жылғы 7 қыркүйек 11:44
Бөлісіңіз:
Қазақстанда баспана арзандады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда баспана құнының төмендеуі байқалып отыр. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Риддерде үйі өртеніп кеткен отбасылар жаңа баспанаға көшті «Жайлы тұрғын үй» қазақстандықтардың баспана жағдайын жақсарта ала ма Қор нарығында доллар бағамы сәл төмендеді

«Бүгінгі таңда бастапқы тұрғын үйге бағалар 3 пайыздан (биылғы қаңтар) 0,4 пайызға дейін (биылғы шілде), сондай-ақ қайталама тұрғын үйге 5 пайыздан (қаңтар) 1,1 пайызға дейін (шілде) төмендегені байқалды», - деді С. Жұманғарин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ескертуді орындау аясында «РАМС-Қазақстан» компаниялар тобы бағаларды Алматы қаласында бірқатар тұрғын үй кешенінен шаршы метр үшін 15%-ға немесе 90 мың теңгеге дейін, «BAZIS-A» компаниясы Алматы қаласында тұрғын үй кешендеріне шаршы метр үшін 20 мың теңгеге дейін, «BI Group» Нұр-Сұлтан қаласының 51 кешенде бастапқы тұрғын үйге орта есеппен 8 пайызға, Алматы қаласында - 11 %-ға, Шымкентте. - 3 %-ға, Атырауда - 4 %-ға төмендетті.

«Басқа құрылыс салушылар да хабарламаларды орындап, бағаларды орта есеппен 15-20%-ға төмендетті. Бағалардың төмендеу пайызы орта есеппен 9%-ды, төмендеу серпіні – шаршы метрге 10 000-нан 125 000 теңгеге дейін», - деді агенттік басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT