Қазақстанда баспана алуға жаңа қаржылық өнім іске қосылмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан ипотекалық компаниясы қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша жаңа тетіктерді әзірлеп жатыр. Қазіргі кезде бұл механизмдер талқылауға шығарылды. Бұл туралы Алматыдағы баспасөз мәслихатында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчурин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазақстан ипотекалық компаниясының» басшылығы 2018 жылдың соңына қарай «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй» бағытының аяқталатындығын мәлімдеді.

Осы орайда баспасөз мәслихатында тілшілер алдағы уақытта қандай тетіктер енгізетіндігін сұрады.

«Жаңа тетіктерді даярлау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл тұрғыда қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету назарға алынады. Әзірге, өнім жобасы дайындау кезеңінде тұр. Оны Директорлар кеңесі қарастыратын болады және талаптарға сәйкес бекітіледі. Жылдың соңына дейін оны даярлауды жоспарға енгіздік» , - деді Қазақстан ипотекалық компаниясының өкілі.

Соңғы жаңалықтар