Қазақстанда Башқұртстан Республикасының күндері өтеді

None
None
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласында - 8, 9, 10 қазан күндері Башқұртстанның экономикалық және мәдени шараларының тұсаукесері өтеді. Осы мақсатпен Астанаға БР Президенті Р.З. Хамитов басқарған ресми тұлғалар делегациясы және іскер қауымдар өкілдері, бизнесмендер, Башқұртстан Республикасы жоғары оқу орындарының басшылары келеді.

«Қазақстан Республикасындағы Башқұртстан күндері» бағдарламасында - қабылдаушы тараптың ресми тұлғаларымен, кәсіпорындар басшыларымен іскерлік кездесулер және келісөздер, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы және Башқұртстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығының келешегі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Қонақтарға РФ ең қуатты субъектілерінің бірі - Башқұртстан Республикасының инвестициялық, өнеркәсіптік және интеллектуалдық әлеуеті ұсынылмақ. Атап айтқанда, инвестицияларды тарту үшін нормативтік-құқықтық инфрақұрылымды құруға мүмкіндік беретін жаңа заңдарға ерекше назар аударылатын болады.

Сапар шеңберінде аймақ басшысы Рүстем Хамитов Қазақстан жастарымен кездесу өткізеді және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқиды.

Тұсаукесерге қатысушылар үшін М. Гафури атындағы Башқұртстан мемлекеттік академиялық драма театрының әртістері Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» пьесасы бойынша спектакль қояды. 8-ші қазанда Әлеуметтанушылар қауымдастығының «Қазақстан Республикасы және Башқұртстан Республикасының әлеуметтік кеңістігін дамыту келешегі» атты дөңгелек үстелі барысында гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланатын болады.

10 қазанда республикалардың бизнесмендері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да «Қазақстан Республикасының мұнай және табиғи газ өндіру, тасымалдау және өңдеу ісіндегі алдыңғы қатарлы технологиялары» пікірталас алаңында ынтымақтастықтың болашағын талқылайды. Сондай-ақ, олар өздері көргісі келетін кәсіпорындарды және KAZENERGY VIII Еуразиялық форумының «Жасыл» технологияларды және инновацияларды алға жылжыту» шеңберінде өтетін көрмені аралап көреді.

Сонымен қатар, ресми сапар шеңберінде БР Үкіметі Премьер-министрінің орынбасары Салават Сағитов Астананың Бейбітшілік және келісім сарайы кітапханасына 60-қа жуық кітапты тапсырады, сондай-ақ, Ресей ғылым және мәдениет орталығының (Ресей ынтымақтастығы) басшысымен кездеседі.

«Қазақстан - біздің стратегиялық серіктесіміз. Бүгін Астанадағы Башқұртстан өкілдігі біздің кәсіпорындарымызға Қазақстан нарығында жұмыс істеуге, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы ынтымақтастықты үйлестіруге көмек көрсетуде. Біздің ЖОО, кәсіпорындарымызға, шағын және орта бизнеске 2015 жылы Уфада өтетін ШЫҰ және БРИКС саммиттері қарсаңында өзекті ынтымақтастық белсенділігін арттыруға дем бергіміз келді. Қазақтар - бауырмал халық, біз мәдениетіміз жақын, бір-біріміздің тілімізді өте жақсы түсінеміз. Қазақстанда Ресейге деген қарым-қатынас ерекше. Біз мұны бағалаймыз! Тұсау кесер жемісті болады, түпкі қорытындысында екі елдің экономикалық көрсеткішіне ықпал етеді, бірлескен жобалар іске асырылады деп сенеміз», - деді БР Үкіметі Премьер-министрінің орынбасары Салават Сағитов.

Нақты бағдарлама!
8 қазан, сейсенбі

Сағат 11:30-12:30

БР Үкіметі Премьер-министрінің орынбасары Салават Сағитовтың Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайының кітапханасына башқұрт авторларының кітаптарын (60-тан астам кітап) тапсыруы

Сағат 15:30-18:30

Әлеуметтанушылар қауымдастығының «Қазақстан Республикасы және Башқұртстан Республикасының әлеуметтік кеңістігін дамыту келешегі» атты дөңгелек үстелі Ресей ғылым және мәдениет орталығының конференц-залы

(Кенесары к-сі, 39)

Сағат 19:00-21:00

М. Гафури атындағы Башқұртстан мемлекеттік академиялық драма театрының «Ақ кеме» спектаклі

Өтетін орны:

М.Горький атындағы Орыс драма театры

Астана қаласы, Желтоқсан к-сі, 11.

9 қазан

Сағат 9:30-11:30

Қазақстан Премьер-министрі Серік Ахметов пен Башқұртстан Республикасының Президенті Рүстем Хамитовтің кездесуі

«Пекин Палас» қонақ үйі (Сығанақ к-сі, 27 үй):

Сағат 12:00-13:00

Башқұртстан Республикасының тұсаукесер шарасы

Сағат 13:00-13:10

Баспасөзбен әңгіме

Қатысушылар: Қазақстан Республикасы аймақтық даму министрінің бірінші орынбасары К.А.Өскенбаев, Башқұртстан Республикасының Президенті Р.З.Хамитов.

Сағат 12:50-13:40

«Қазақстан Республикасы және Башқұртстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығының келешегі» атты дөңгелек үстел

«Пекин Палас» қонақ үйінің «Soluxe» залы

Сағат 14:00-16:00

Қазақстан Республикасы және Башқұртстан Республикасының іскер қауымдары өкілдері арасындағы кездесу

«Пекин Палас» қонақ үйінің «Silk way» көп функциялы залы

Сағат 14:00-18:00

Астана қаласының әкімі Имангали Тасмағамбетов пен Башқұртстан астанасы әкімшілігі өкілдерінің кездесуі, !(Уфа қаласы).

14:30-15:20

Башқұртстан Республикасы Президенті мен Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының кездесуі

16:00-17:00

Башқұртстан Республикасы Президентінің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқуы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Мирзоян к-сі, 2.

10 қазан, бейсенбі

Сағат 10:00-12:00

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да «Қазақстан Республикасының мұнай және табиғи газ өндіру, тасымалдау және өңдеудегі алдыңғы қатарлы технологиялары» атты іскер қауым делегациясына арналған дөңгелек үстел, кәсіпорындарда іскер қауым өкілдерінің жеке кездесулері

Барлық сұрақтар бойынша:

Екатерина Алексеевна Телинаға хабарласуға болады.

«Уфа - 2015» БРИКС ШЫҰ кеңсе-тобы» АКҰ баспасөз қызметі және бұқаралық коммуникациялар департаментінің бастығы

89177542825, 89297532173

Соңғы жаңалықтар