Қазақстанда бәсекені қорғау бойынша комитет құрылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке демонополизиация мен нарыққа жаңа кәсіпкерлердің нарыққа кіруі үшін әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәсекені күшейтпей – мемлекеттің экономикасы туралы ауыз ашпай-ақ қоюға болады. Негізгі тауар нарықтарына талдау жасай отырып, бәсекенің төмен екенін анықтадық. Барлық базалық салада монополизацияның күшейіп бара жатқаны байқалады. Электроэнергетика, мұнай өнімдерін жеткізуде, темір жол тасымалында, ұялы байланыс жеткізуде, банк саласында осындай жағдай. Бұл – нарықтық бағаның қалыптасуына жол бермей, тасымалдаушылардың арасындағы бәсекелестікті бәсеңдетеді. Біз бұрын нарықта мемлекеттік монополияның көптігі туралы айтсақ, бүгінгі күні жеке монополиялар ортаға шықты. Үкімет демонополизиация және нарыққа жаңа кәсіпкерлердің нарыққа кіруі үшін әкімшілік кедергілерді жоюда нақты шараларды қабылдауы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, экономиканың базалық салаларында биржалық саудаға назар аудару керек.

«Ресей 2008 жылдан бастап мұнаймен, 2014 жылдан бастап табиғи газ бойынша биржалық сауданы жүргізіп келеді. Биржалардың өзін де дамытып, олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру керек. Оны басқаруға ірі шетелдік компанияларды тартқан абзал. Бәсекені қорғау бойынша жеке комитет құру жөніндегі Үкіметтің бастамасына қолдау білдірдім. Ол комитеттен ымырасыз әрі жүйелі жұмыс күтемін», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар