Қазақстанда барлық ЖОО-да адалдық курсын ашу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев азаматтық және қоғамдық бақылаудың ықпалы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір де көптеген мемлекеттік қызметшілер қоғамдық бақылаудан қорқа бастады. Жекелеген құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс істеп жатыр, барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Әрине, оқиғаларға қатысты, яғни тәртіптік жауапкершілікке тартудан бастап, лауазымды қызметін төмендетуге дейін шаралар қолданамыз», - деді Алик Шпекбаев жартыжылдықтағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс қорытындысы туралы отырыста.

Агенттік төрағасы әрбір құрылымда, әр ұйым мен мекемеде тәртіп пен адалдық насихатталуы тиіс.

«Қазіргі уақытта Қаржы академиясы базасында адалдық мектептерін Адалдық курстарын аумақтық, өңірлік деңгейде де ұйымдастыру қажет. Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, барлық колледж, ЖОО-ларда адалдық курсы жүргізілсе, жағдай анағұрлым жақсарар еді», - деді Алик Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар