+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Қазақстанда барлық ақша аударымдарына салық салынады - фейк

2021 жылғы 24 ақпан 10:30
Бөлісіңіз:
Қазақстанда барлық ақша аударымдарына салық салынады - фейк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желіде «Қазақстанда барлық ақша аударымдарына салық салынады» деген фейк ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«ҰБТ-дан шет тілі алынып тасталды» – желідегі ақпаратқа түсінік берілді «Елордада ЛГБТ-қауымдастығы мүшелері мәжбүрлеп тіркелуде»: Ақпаратқа түсінік берілді «Күнделік» жүйесін бұзу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – Мұхтар Ілиясов

Жақын арада банктік мобильді қосымшалар арқылы барлық ақша аударымдарына салық салынады деген хабарламалар қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. Бұл туралы танымал RasTime YouTube арнасының жүргізушісі мәлімдеді.

Ол жеке тұлғалар арналған ақша аударымдарына салық салу жүйесін әзірлеуге шақырған ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың сөзіне сүйенеді.

Ролик авторының айтуынша, салық аударым сомасы мен мақсатына қарамастан алынады.
ҚР Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

« Әрбір сатып алу (картамен төленген – авт.), достарына немесе туыстарына жасаған ақша аударымы үшін салық төлеуге тура келетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жеке тұлғалардың бірде-бір ақша аударымына салық салынбайды және мұндай салықты енгізу жоспарда жоқ. Бұл видеода жалған ақпарат ұсынылған « , – деп хабарлады ведомстводан.

Әлихан Смайыловтың кәсіпкерлердің қызметін немесе сатылған тауарлар үшін ақша аударымдарын салық салумен қамту қажеттігі туралы айтқаны рас. Бұл шара тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болады.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT