Қазақстанда барлығы 2457 әкім сайланатын болады - ОСК

None
None
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Ел бойынша алдағы тамыз айында өтетін сайлауда барлығы 2457 әкім сайланатын болады.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг барысында ведомствоның баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті.

«Барлығы 2457 әкім сайланатын болады. Олардың 47-сі аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері, 2101-і ауылдық округ әкімдері, 119-ы кенттер әкімдері және 190-ы ауыл әкімдері. Әкімдікке кандидаттарды ұсынуды ауданның әкімі жергілікті қоғамдастықпен консультациялардан кейін балама негізде жүзеге асыратын болады», - дейді В. Жексембекова.

Оның айтуынша, жергілікті қоғамдастықпен консультациялар аудан әкімдерінің халықпен жеке кездесуі нысанында өтеді. Осылайша, аудан әкімдерінің жергілікті халықпен ауылдарда, кенттерде және қалаларда тікелей кездесуі Президент Жарлығының ауыл әкімдерін сайлаудағы жұртшылық пікірінің ескерілуі жөніндегі талабының орындалуын қамтамасыз ететін болады.

Соңғы жаңалықтар