Қазақстанда банк секторын қалыпқа келтіру процесі аяқталып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда банк секторын қалыпқа келтіру процесі аяқталып қалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төлем балансының жай-күйі жақсаруда. Алдын ала бағалау бойынша, 2019 жылғы 1-тоқсанда ағымдағы операциялар шоты 800 млн АҚШ долларына тең профицитпен қалыптасты. Профицитке сауда балансының оң сальдосы әсер етті. Сауда баласнының оң сальдосы 14,4 пайызға, яғни 7,1 млрд АҚШ долларына дейін өсті», - деді ол.

ҰБ төрағасының дерегінше, тауарлар экспорты 14,9 млрд АҚШ долларына дейін (9,9 пайызға), ал тауарлар импорты 7,8 млрд АҚШ долларына дейін (6,1 пайызға) ұлғайды

Сонымен қатар ол банк секторында қалыпқа келтіру процесі аяқталып қалғанын айтты.

«Банктер жұмыс істемейтін қарызды тануды, сондай-ақ әлеуетті кредиттік шығындарға провизияларды ұлғайтуды жалғастырып жатыр. Жұмыс істемейтін қарыздар 2019 жылдың басындағы несие портфелінен 7,4 пайыздан биылғы жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 8,6 пайызға дейін өсті. Қалыптасқан провизиялар 2,3 трлн теңгеге дейін немесе несие портфелінен 17,9 пайызға дейін артты», - деді Е.Досаев.

Соңғы жаңалықтар