Қазақстанда банк активтерінің құны бір жылда 17%-ға артқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР екінші деңгейлі банк активтерінің құны биылғы жылдың қыркүйегінде 29,56 трлн теңгені құрады.

Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 1,5% -ға, ал бір жыл бұрынғыдан 16,7%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтынаranking.kz -ке сілтеме жасап.

Несие қоржынындағы қаржы 15,18 трлн теңгеге жетті, активтер құны – 51,4. Бір жыл бұрын 54,7%, бес жыл бұрын 69,9%, он жыл бұрын 76,2% болған. Осылайша, банктер белсенді операцияларды әртараптандыруға ұмтылатыны анық.

ҚР екінші деңгейлі банктердің үздік ондығында активтердің көлемі бойынша көрсеткіштің жылдық өсімі барлық банктерде белгіленді.

ҚЕХС бойынша қаржылық есептілікке сәйкес, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша сектор бойынша пайыздық кірістердің жинақталуы біркелкі емес.

Еске сала кетейік, несие қоржыны сияқты банк активтерінің сапа көрсеткіштерінің бірі – алынған және есептелген пайыздардың ара қатынасы.

ЦентрКредит банкінің алынған пайыздарының есептелген пайыздарға қатынасы – 103,4%. Банктің активтері жұмысының ең жақсы көрсеткіштерінің бірі және жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша алынған пайыздық кірістер 96,1%-ды құрады.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Kaspi Bank (есептелген кірістердің жинақталуы – 89,2%) және мемлекеттік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (89,1%) жоғары нәтиже көрсетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі банкте де жоғары көрсеткіштер байқалды: сәйкесінше 90,6% және 98%.


Соңғы жаңалықтар