+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Қазақстанда балық шаруашылығын дамытуға не кедергі

2020 жылғы 29 қаңтар 17:32
Бөлісіңіз:
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытуға не кедергі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры Қуаныш Исбеков елімізде балық шаруашылығы саласының негізгі проблемасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік медиаторларды даярлау ережесін қайта қарауды ұсынды Қазақстан мен Армения арасында ресми құжаттарды танудың оңайлатылған тәртібі белгіленді Сенатта пошта қызметтерін жеңілдетуге арналған құжат қабылданды

«Негізгі проблемалардың бірі – ол су қоймаларына жіберетін шабақтардың көлемі мен түр алуандығының жеткіліксіздігі. Бұл өз кезегінде тауарлық балық шаруашылығын тежеумен қатар, сонымен қатар су қоймаларындағы балық өнімділігін қысқартады», - деді Қ. Исбеков Сенатта балық шаруашылығы тақырыбына арналған кездесуде.

Оның сөзіне қарағанда, аталған проблеманы шешу үшін тиісті қадамдарды іске асыру керек.

Осы орайда балық жіберу тетіктері бөлігінде нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер ұсынылып отыр. Бұл ретте «балықты көбірек ауласа, шабақты көбіреу жіберу» қағидасына көшу керек.

Сонымен бірге, мемлекеттік тапсырыс есебінен сирек және жойылып бара жатқан балық түрлерін жіберу іске асырылуы керек. Ал бизнес аулаған балық түрлерін барынша көбірек өсіруі тиіс.

Бұдан бөлек, мамандандырылған селекциялық-генетикалық орталықтарды құру қажетті айтылды. Онда балық түрлерінің аналығы шоғырланып, барша Қазақстанды уылдырықпен және шабақпен қамтамасыз етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT