Қазақстанда балық пен шайдың бағасы арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар айында экспортталатын тауарлардың бағасы 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға, ал импортталатын тауарлардың бағасы 0,9% пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистика комитетінің келтірген мәліметіне сәйкес, осы жылдың қаңтар айында экспорттық өнімдер, нақтырақ айтқанда темір кендерінің бағасы 12,5%, мыс - 11,6%, марганец кендері - 8,2%, көмір - 5,1%, мұнай 1,1%-ға жоғарылаған. Мырыштың құны 2,9%, алюминий 2,5%, қара металл кендері 1,4% көтерілген.

Ал арпаның бағасы 0,7%, мақта 0,4% көтеріліп, бидайдың бағасы 1,1%, жүн 0,5% төмендеген.

Импортталатын өнімдерден маргариннің бағасы 2,7%, макарон өнімдері 2,4%, шұжық - 2%, сүт өнімдері - 1,6%, кондитерлік өнімдері - 1,5%, көкөністер 0,6%-ға қымбаттаған. Ал какаоның бағасы 2,5%, кофе 1,4%, балық 1,2%, шай 1% арзандаған. Сонымен қатар, импортталатын өнімдердің ішінде темекінің бағасы 17,1%, тоқыма бұйымдары 1,9%, аяқкиім 1,2%-ға көтерілген. Дөңгелектердің құны 0,7% төмендеген.

Фото: Землянка Анна / anyfoodphotos.ru

Соңғы жаңалықтар