Қазақстанда баланың қайда жүргенін анықтайтын жүйе іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл министрлік тарапынан жүзеге асырылатын ілкі жобаларға тоқталып өтсем. Бұл - баланың жүрген жерін анықауға мүмкіндік беретін «Тап мені» балалардың қауіпсіздік жүйесі. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша. Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады», - деді ол ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Нұрділдә Ораздың атап өтуінше, баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады.
«Сонымен қатар жүйе Жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған. Демек, баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі», - деді Нұрділдә Ораз.
- Бағдат Мусин Шымкент қаласын цифрландыру барысымен танысты
- Қазақстанда мемлекеттік органдардың сервистеріне жасалатын шабуыл 3,5 есе артқан
- Өрт сөндіруші болуды бала кезден армандадым - Арайлым Қажытаева
- Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
-
Павлодар маңында жеті адам зардап шеккен жол апаты бойынша соталды тергеу басталды
-
Ashyq қосымшасы Алматыда қай мекемелерде қолданылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам