Қазақстанда балалардың құқығын қорғаумен айналысатын 300 астам ұйым бар - Білім министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда балалардың құқығын қорғаумен айналысатын 300 астам ұйым бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын маусым айының алғашқы күнінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл – жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, құқықтары мен дамуына қатысты жауапкершілікті еске салатын күн. Қазақстан балалардың құқықтықтарын қорғаудың халықаралық жүйесінің дамуына белсенді атсалысады. Тәуелсіздік жылдары біз негізгі халықаралық құжаттарды ратификацияладық. Ондай маңызды құжаттардың бірі – Бала құқықтары туралы конвенция», - деді министр.

Оның атап өтуінше, БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті 70-ші сессия кезінде елімізде балалардың құқықтарын қорғау мәселесі айтарлықтай жетіліп келе жатқанын атап өткен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та осы мәселе төңірегінде барлық қажетті шараларды қабылдап, балалардың құқықтырын қорғау бойынша тапсырма берген.

«Бүгінгі таңда республикамызда балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен ҚР БҒМ, ҚР ДСМ, ҚР ЕХӘҚМ, ҚР АҚДМ, ҚР ІІМ, ҚР МСМ және өзге де министрліктер мен басқа да ұйымдар айналысады. Бұл ретте жергілікті деңгейде білім беру, денсаулық сақтау, балаларға арналған әлеуметтік қорғау жүйесінде мыңнан астам орган мен ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын 300 астам үкіметтік емес ұйым бар», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар