+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі туралы интернет портал құрылмақ

2020 жылғы 28 қазан 16:41
Бөлісіңіз:
Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі туралы интернет портал құрылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде балалар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін «Балалардың қауіпсіздігі туралы» интернет порталын құру жоспарланған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депуттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернетті пайдалану мәдениетін арттыру, интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін тәрбиелеу мақсатында білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілері үшін (3 млн. жуық оқушы, ата-аналар) «Мен OFFLINE», «Қауіпсіз интернет» кең ауқымды ақпараттық науқандар өткізіледі. 2019 жылдан бастап интернет желісінде террористік және діни-экстремистік сипаттағы материалдарды анықтау, есепке алу, бағалау және оларға қол жеткізуді шектеу жөніндегі жұмысқа тартылған мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын оңтайландыруға және автоматтандыруға бағытталған «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді», - деді Үкімет басшысы.

Оның дерегінше, осы жылдың басынан бері интернет кеңістікте бала құқықтарын бұзумен байланысты 1 756 бұзушылық, суицидті, қатыгездікке табынуды және зорлық-зомбылықты насихаттайтын 553 материал анықталды. Оларды интернет ресурстардың меншік иелері мен әкімшіліктері алып тастады.

«Қазіргі уақытта уәкілетті органдар ұйғарымдар негізінде заңда тыйым салынған ақпарат қамтылған интернет ресурстарға қол жеткізуді шектеу бойынша шаралар қабылдауда. Балалар мен ата-аналар үшін Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланған «Балаларды интернет желісіндегі зиянды ақпараттан қорғау туралы», «Балаларды интернеттегі зиянды ақпараттан қорғау жөніндегі ата-аналарға арналған ақпараттық курс» ұсынымдары әзірленді, сондай-ақ Telegram мессенджерінде жедел хабарламалар режимінде тәулік бойы «BALA QORGAU» чаты ұйымдастырылған. Сонымен қатар, балалар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін «Балалардың қауіпсіздігі туралы» интернет порталын құру жоспарланып отыр», - деді Асқар Мамин.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT