Қазақстанда балаларды жоспарлы вакциналау туралы ресми ақпараттық ресурс іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда алғаш рет Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес балалар вакциналары туралы барлық қажетті ақпарат жинақталған бірыңғай ресми ресурс іске қосылды, деп хабарлайы ҚазАқпарат ЮНИСЕФ-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен (ҚР ДСМ ҚДСҰО), АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен балалардың жоспарлы вакцинациясы туралы ресми ақпарат пен медициналық зерттеулердің нәтижелері жинақталған сайт әзірледі.

Бірнеше ай бойы MedSupport дәрігерлері мен ғалымдар тобы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп қажетті деректерді іріктеп, ата-аналар мен Қазақстандағы иммундау тақырыбына қызығушылық танытатын адамдар үшін EGU.kz сайтының құрылымы, интерфейсі және контентін барынша қолайлы ету бойынша жұмыс жүргізді.

Ақпараттық ресурста Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген әрбір вакцинаның толық сипаттамасы бар. Сайтқа кірген кез-келген адам вакцина қорғайтын инфекциялармен танысып, қарсы көрсетілімдер мен ықтимал жанама әсерлер туралы оқи алады.

Сайттың іске қосылуымен әрбір қазақстандық ата-ана аутизм және ҚПҚ вакцинасы туралы мифтің қалай пайда болғаны, неліктен балалар екпелерінде сынап жоқ екендігі, сондай-ақ инъекция орнын сулауға болатыны әлде болмайтыны жайлы білетін болады. Сондай-ақ вакцинация туралы мифтердің толық тізімі мен оларды әшкерлейтін сенімді ақпараттар туралы біледі.

«Вакцинация мәселелері көпшілік пен бұқаралық ақпарат құралдарын жиі алаңдатады. EGU.kz сайтының негізгі міндеті – вакциналар туралы толық және сенімді ақпарат беру және республикада вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру. Бұл платформа вакцинация саласындағы тәжірибелі мамандар және ғалымдар мен халықтың арасындағы ашық және шынайы диалогына арналған, диалогтың арқасында әркім өз сұрақтарына кәсіби және ғылыми негізделген жауаптар ала алады», - деді Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы.

Сайт қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған нұсқа да бар.

«Вакцинация – ата-аналар үшін балаларын жұқпалы аурулардың ауыр зардаптарынан қорғаудың жалғыз, ең тиімді және баламасы жоқ әдіс. Egu.kz сайтында сіз вакцинация туралы дұрыс, дәлелді және негізделген ақпаратты ала аласыз», - деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма Төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.

Ресми ресурста Вакцинация күнтізбесі, Вакцинация орталықтары, Вакциналар мен аурулар, мифтер, Сұрақтар мен жауаптар сияқты айдарлар бар. EGU.kz сайтында ата-аналар вакциналардың түрлері туралы ақпаратқа қол жеткізіп, олардың қауіпсіздігін тексерудің барлық кезеңдері туралы біледі және оларды мазалайтын сұрақтарға жауап ала алады. Сайт сонымен қатар вакцинация тарихына қысқаша шолу жасайды және вакцинамен басқарылатын бірқатар жұқпалы ауруларды жеңу жолындағы адамзаттың алғашқы қадамдарын сипаттайды. Алдағы уақытта ол балаларды жоспарлы вакцинациялау туралы өзекті статистикалық деректермен толықтырылатын болады.

«Вакциналарды ойлап шығару – медицинаның ең үлкен жетістігі. Өзіңізді және балаңызды денсаулыққа қайтымсыз зиян келтіретін, кейде өліммен аяқталатын қорқынышты аурулардан қорғаудың ең тиімді және кейде жалғыз жолы болып табылады. 21 ғасырда кейбір ата-аналар балаларын вакцинациялаудың тиімділігі мен қажеттілігіне қатысты әлі де күмәндануда. Дұрыс және ақпараттандырылған таңдау жасауға көмектесу үшін ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірге бұрын Қазақстанда болмаған бірегей сайт әзірледі. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне кіретін вакциналар туралы барлық ақпаратты табу оңай және жеңіл болатын алаң. Бұл сайт ата-аналар үшін өз баласын вакцинациялау туралы маңызды шешім қабылдауда пайдалы құрал болады деп сенемін», - деп белгілеп өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі Артур ван Дизен.

Сайт тұрғылықты жерге ең жақын вакцинация орталығын табуға мүмкіндік беретін ыңғайлы картамен жабдықталған. Балаңызға жоспарлы егуді ұмытып кетпеу үшін ата-аналар электронды күнтізбеге вакцинаны уақытында қою қажеттілігі туралы ескерту функциясын қолдана алады.

«Біз осы жобаның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. EGU.KZ сайты қазақстандық сәбилердің қауіпсіз және салауатты балалық шағы үшін ата-аналардың таптырмас көмекшісі болады!» - деп түсіндірді Medsupport Командасы.

Сайт ЮНИСЕФ Қазақстан мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің иммундау жүйесін күшейту жөніндегі бірлескен бағдарламасы шеңберінде әзірленген.

«Иммундау өмірді ғана құтқарып қоймайды, сондай-ақ балаларға, әйелдерге және отбасыларға өркендеуге мүмкіндік береді. Бұл маңызды веб-сайтта берілген ақпарат адамдарға вакцина арқылы алдын алатын аурулардың қаупінен қорғануға көмектеседі. Нәтижесінде балалар мектепте болып, ата-аналар өз отбасына қамқорлық жасап, қолдау көрсету арқылы өз қоғамдастығы мен елінің экономикалық өсуіне ықпал ете алады», - USAID/Орталық Азия миссиясы директорының міндетін атқарушы, Питер Янг.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық орталығының қызметі туралы толық ақпаратты https://hls.kz/ сайтынан және Facebook , Instagram , Telegram әлеуметтік желілерінен біле аласыз.

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп, әлемнің 190 елі мен аумақтарында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту мәселесіне; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.

ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы толық ақпарат www.unicef.org сайтында бар.

Instagram, Facebook және Twitter желілеріндегі парақшаларымызға жазылыңыз.

USAID даму жөніндегі жетекші халықаралық агенттік және даму нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін катализатор болып табылады. USAID жұмысы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық өркендеуін алға тартады, американдық жомарттықты көрсетеді және алушының өзін-өзі қамтамасыз етуі мен тұрақтылығына жол ашады. Қосымша ақпарат алу үшін Facebook парақшасы мен Орталық Азиядағы USAID сайтына кіріңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia


Соңғы жаңалықтар