+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қазақстанда бала психикасына кері әсер ететін 800-ге жуық сайт бұғатталды

2019 жылғы 12 қыркүйек 16:02
Бөлісіңіз:
Қазақстанда бала психикасына кері әсер ететін 800-ге жуық сайт бұғатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі балалар мен жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерден қорғау бағытында жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Балалар хирургі: Ең кішкентай пациентім – 500 грамдық сәби Мақтааралда ана мен бала денсаулығына қатысты жиын өтті Біз нәрестенің аман-сау дүниеге келуіне жағдай жасауымыз керек - Аружан Саин
«Елімізде тыйым салынатын интернет-ресурстарды анықтауға қатысты министрлік тиісті шараларды жүргізіп жатыр. Оның ішінде балалардың дамуы мен психикасына әсер ететін сайттар да бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің атынан әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашып, заңсыз және балаларға қарсы қылмысқа итермелеуге бағытталған контенті бар интернет-ресурстарды айқындауға кірістік. Жыл басынан бері интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу арқылы 6 мыңға жуық порнографиялық сайт анықталған. Нәтижесінде оның 800-ге жуығы бұғатталды», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзіне сенсек, елімізде кәмелет жасына толмағандардың өліммен аяқталатын қылмыстарды жасау көрсеткіші 62% азайған.

«Бүгінде мектептерде 2 мыңнан астам тәртіп сақшысы балалармен жұмыс істейді. Еліміз бойынша 7 мыңнан астам мектеп бар. Осы орайда бізге балалар және жасөспірімдермен жұмыс істейтін тағы 2 мыңдай полицей керек. Сондай-ақ, біздің мамандар балалармен қатар, олардың ата-анасымен де тікелей жұмыс істейді», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT