Қазақстанда бала күтіміне қатысты төлем 1,5 жасқа дейін созылатын болды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдан бастап бала күтіміне қатысты төлем мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне де өзгеріс енгізу керек. Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз. Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады», - деді Мемлекет басшысы.

Президентің айтуынша, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығуы 61 жас деңгейінде бекітілетінін айтты.


Соңғы жаңалықтар