Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Қазақстанда дәрігерге кеш жүгінгендер жазалануы мүмкін

2018 жылғы 7 қыркүйек 13:10 5209
Бөлісіңіз:
Қазақстанда дәрігерге кеш жүгінгендер жазалануы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өзінің немесе жақындарының, балаларының денсаулығына немқұрайлы қараған азаматтарды жауапқа тарту ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Отандық медицинаға жасанды интеллект енгізілмек Астанада Бөбектер үйіне түскен сәбиден туберкулез ауруы табылды

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанада «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі» туралы жаңа кодекс жобасын талқылау кезінде мәлімдеді. 

«Бұл бастаманы барлығы қолдайды деп үміттенемін. Адамға өзінің және жақындарының, балаларының денсаулығы үшін жауапкершілік артылуы тиіс. Бірінші кезекте, бала денсаулығындағы ата-ананың жауапкершілігін арттыру, жүктілік пен босануда дәрігерге кеш жүгінген, мамандар кеңесіне құлақ аспаған аналарға, скринингтен, вакцинациядан бас тартқандарға қолданылатын шараларды айтуымыз керек», - деді министр. 

Оның айтуынша, мұндай жауапкершілік шаралары қабылданса да, науқастар тегін медициналық жәрдемді еш кедергісіз алатын болады. Себебі, барлық азаматтар Үкімет белгілеген көлемдегі және әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы тегін медициналық көмекті алуға құқылы. 

«Көптеген жағдайда біз азаматтардың өзінің немесе балаларының денсаулығына немқұрайлы қарауынан экономикалық, әлеуметтік және моральдық шығынға ұшыраймыз. Сондықтан, талқылауға шығарып отырған бұл бастамалар жалпы тәсілдер болып саналады. Әкімшілік жауапкершілік, оның түрлері, салынатын айыппұлдар әзірге анықталған жоқ», - деп өз сөзін толықтырды Біртанов.

Қазақстанда дәрігерге кеш жүгінгендер жазалануы мүмкін

Министр мұндай жауапкершілік шараларының халықаралық тәжірибеде бар екенін жеткізді. 

«Бірқатар елдерде аурудың алдын алу бойынша скринингтік тексеруден уақытында өтпегендерге айыппұл салынады. Біздің заңнамада осы тектес жайттар бар - түптің түбінде бір тарап жауапты болады. Медициналық сақтандыру да - ортақ жауапкершіліктің бір түрі. Өкінішке қарай, бізде ол дамымаған. Мәселен, виза талап етілмейтін елдерге барарда ерікті жеке сақтандыру жасатуды ұсынамыз. Мәселен, Түркияға баратын қазақстандықтардың сақтандыруы болуы қажет», - деді ол. 

Біртановтың айтуынша, Кодекс жобасы шамамен желтоқсан айында Үкіметке, 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында - Парламентке жіберіледі. Сонымен бірге, министр Кодексті әзірлеуге медицина қызметкерлерін ғана емес, тұтас қоғамды, бизнесті және үкіметтік емес ұйымдарды белсенді қатысуға шақырды.

 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат