Қазақстанда БАҚ-ты мемлекеттік қолдаудың қадамдары қайта қаралады - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда отандық БАҚ-ты мемлекеттік қолдаудың қадамдары қайта қаралады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыру аясында бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қолдаудың қадамдары қайта қаралды. Тиімділік мен сапаны бағалауды енгізумен республикалық әрі өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыруды бірыңғай жүйесі құрылады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Оның айтуынша, қазақстандық баспасөзді қолдау, цифрлық радиохабар мен интернет телеарнаны дамыту, ақпарат саласында мемлекеттік ұйымдарды оңтайланлыру бойынша шаралар кешені іске асырылады.


Соңғы жаңалықтар