Қазақстанда азық-түлік тауарларының 6 түрі бойынша импортты алмастыру жүргізілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров азық-түлік тауарларының 6 түрі бойынша импортты алмастыру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты негізгі 29 тауар позициясымен толықтыру жұмысын жүргізуде. Бұл ретте, 12 тауар бойынша ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 100 пайызды және одан көп мөлшерді құрайды. 11 тауар бойынша қамтамасыз етілу 80 пайыз және одан көп. Ал қалған азық-түлік тауарларының 6 түрі бойынша импортты алмастыру жұмысы жүргізілуде», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, ішкі нарықты өсімдік шаруашылығы өнімдерімен толықтыру үшін сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 439,2 мың гектарға кеңейтілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 22,7 млн гектарға жеткізілді.

«18 млн тонна астық дақылдарын жинау жоспарлануда, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті іске асыруға жеткілікті. Майлы дақылдардың жалпы көлемі 2,6 млн тонна болады деп күтілуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 мың тоннаға артық. Сондай-ақ, картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өндіру көлемі сәйкесінше 4 млн тоннаға және 6,8 млн тоннаға дейін ұлғайтылатын болады», - деді С. Омаров.


Соңғы жаңалықтар