Қазақстанда азық-түлік бағасының өсімімен қалай күреседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ведомствоның басты мақсатын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрліктің мақсаты – барша өндірістік-өткізу тізбегіне қатысушылар мүдделерінің теңгерімін қалыптастыру. Бұл тұрғыда өндірушілер мен трейдерлер, логистер мен транспортшылар, сатушылар және тұтынушылар қамтылады. Бұл теңгерімді қамтамасыз ету үшін барлық процестің нақты координациясы, аталған тізбектегі барша буындар ойыншыларының еркін әрі ашық бәсекелестігі керек», - деді Б. Сұлтанов онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде.

Оның пайымынша, тек осы жағдайда сауда жүйесі дүкен сөрелерінде әділ, негізделген бағаның қалыптасуын қамтамасыз ете алады.

«Бұл ұстанымдарды бұзу - пандемия әсерінен осы проблемаларды көрсетті. Яғни соңғы бір жарым жылда әлем елдерінде және бізде азық-түлік құны өсімі дүрбелеңіне алып келді. Үкімет дер кезінде әсер етуге тырысты және әлеуметтік азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру бойынша жол картасын қабылдады», - деді министр.

Бұл ретте ол картоп бағасының қымбаттауы себебіне тоқталды.

«Үйлесімсіз қадамның басты көрінісі – ол соңғы бірнеше аптада орын алған картопқа қатысты жағдай мен оның тапшылығы. Нарықтағы теңгерімсіздік солтүстік өңірлердегі күзгі картоп таусылғанда және оңтүстік аумақта жаңа өнімді жинаған кезде дер кезінде өңіраралық өзара іс-қимылда реттелуі керек. Оның ішінде форвардты сатып алу ескерілген жөн. Ол үшін жергілікті атқарушы органдарда ресурстар бар», - деді Б. Сұлтанов.


Соңғы жаңалықтар