+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

Қазақстанда азық-түлік бағасын бақылайтын сайт құрылады

2019 жылғы 20 тамыз 13:28
Бөлісіңіз:
Қазақстанда азық-түлік бағасын бақылайтын сайт құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізетін онлайн платформа құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда боулингке салық 8 есеге төмендетілді Рудный кәсіпорындары экспорт көлемін ұлғайтпақ Қазақстан А деңгейіндегі кредиттік рейтингке кіру үшін не істеу керек

Оған кез келген тұрғын әлеуметтік маңызы бар тауар фотосуретін жібере алуы тиіс.

«Қазіргі уақытта Статистика комитеті әр сейсенбі күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолмен жинақтайды. Ресми статистикалық деректер әр бейсенбі күні жарияланады. Ал дамыған елдерде бағаны мониторингтеуге халық қатысады. Яғни, кез-келген азамат тауар бағасын суретке түсіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сайтына жібере алады», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, аталған жүйе арқылы аймақтардағы және нақты дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын онлайн режимде бақылауға болады.

«Сіздің қолдауыңызбен біз осы жүйені құруға және оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қосуға дайынбыз», - деп Сұлтанов ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге.

Өз кезегінде Үкімет басшысы министрліктің онлайн-платформа туралы ұсынысын мақұлдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT