+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қазақстанда әжетхана қағазын өндіру 27%-ға артты

2020 жылғы 16 қыркүйек 10:57
Бөлісіңіз:
Қазақстанда әжетхана қағазын өндіру 27%-ға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында қағаз және қағаз өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есеге артып, 48,3 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еnergyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жылына 4 мың тонна тауарлы балық өсіру көзделуде Ақмола әлеуметтік-экономикалық дамудың басты көрсеткіштеріне қол жеткізді Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы төмендеді

Былтырға арналған өнеркәсіп өндірісінің индексі 115,7%-ды құрады (бір жыл бұрын – 99,1% болған).

Салыстыру үшін айта кетсек, 2019 жылы қағаз өндірісі 66,8 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім 14,6%-ды құраған.

Қазақстанның өңірлері арасында қағаз және қағаз өнімдерін шығару бойынша қаңтар-шілде айлары бойынша Алматы облысы көш бастап тұр: 12,2 млрд теңге, жылдық өсім – 11,4%. Одан кейінгі орында Алматы қаласы тұр: 11,4 млрд теңге, жылдық өсім – 18,6%. Үздік үштікті Ақмола облысы түйіндеген. Бұл өңірде қағаз өндірісі 32 есеге артып, 9,5 млрд теңгеге жеткен.

Жекелеп алсақ, өткен жылдың қаңтар-шілде айымен салыстырғанда әсіресе әжетхана қағазы өндірісі 26,5%-ға, 23,3 мың тоннаға артты.

Сонымен қатар гофрленген қағаздан немесе картоннан жасалған қораптар, жәшік пен сөмкелер өндірісі 20,2%-ға, 61,7 мың тоннаға ұлғайған.

Сондай-ақ оралған немесе парақ түріндегі гофрленген перфорацияланған қағаз бен картон (17,9 мың тоннаға дейін) және қол орамалдар мен косметикалық салфеткалар (2,1 мың тоннаға дейін) өндірісі 26,5% - ға қысқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT