USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстанда азаматтық қоғам ұйымдары неге ұмтылуы керек

2021 жылғы 26 қараша 18:28
Бөлісіңіз:
Қазақстанда азаматтық қоғам ұйымдары неге ұмтылуы керек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен мерейтойлық азаматтық форумда «АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының атқарушы директоры Жәмилә Асанова халықаралық миссиялардың азаматтық бастамаларды дамытуға қосқан үлесі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы №3 оқушылар үйінің бас бухгалтері сотталды Алматыда 148 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылғандар туралы мәлімет берді

«Қазіргі уақытта азаматтық қоғам жергілікті проблемаға емес, жаһандық деңгейдеге мәселеге назар аударуы қажет. Біздің үкіметтік емес ұйымдар осыған ұмтылуы керек және оған кәсіби деңгейде зерттеулер жүргізіп, инновацияларды енгізу арқылы қол жеткізуге болады», - деді ол.

Сонымен қатар, спикер үкіметтік емес ұйымдарды белсенді болуға шақырды.

2022 жылы Қазақстан Үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары саяси деңгейдегі форумында есеп береді. Ол үшін мыңжылдықтың тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша ерікті ұлттық шолу дайындалуда. Мен 2019 жылы БҰҰ Жоғары деңгейдегі форумының жұмысына және еліміздің бірінші баяндамасының ресми тұсаукесеріне қатыстым. Мен көптеген елдердің баяндамаларын тыңдадым, маған баяндамалардың айтарлықтай бөлігі мысалдар, жағдайлар, азаматтық қоғам ұйымдарының шынайы оқиғалары және олардың қызметіне сапалы талдау жасалғаны қатты ұнады. Баяндамалардағы көптеген тұжырымдар азаматтық қоғам ұйымдарының байыпты талдауына негізделген. Үкіметтік емес ұйымдар БҰҰ қосымша іс-шараларын өткізуге өте белсенді қатысты.

«AРГО» алғаш рет 2021 жылдың шілдесінде БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібі аясында Орталық Азиядағы азаматтық қоғам ретінде қосалқы іс-шара ұйымдастырды. Мен Қазақстанның және Орталық Азияның барлық елдерінің үкіметтік емес ұйымдарын өз зерттеулерімен, жобаларымен, аналитикалық шолуларымен және нақты істерімен ерікті есептерді дайындауға қатысуға шақырамын»,-дейді Жәмилә Асанова.

Ол форум барысында азаматтық қоғам ұйымдарына жүгінді.

«Бүгінгі күні азаматтық қоғамның рөлі өзгерді. Соны түсінетін уақыт жетті. Жаңашыл, жауапты, креативті болуға ұмтылу керек»,- дейді спикер.

Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҮЕҰ бастамаларын қолдауға дайын екенін атап өтті.

«Сонымен қатар біз жаңа деңгейге жету үшін инновациялық технологиялар бойынша жұмысымызды қайта қарауға дайынбыз», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT