Қазақстанда айыппұл тұрақтары жетпей жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің көптеген аймақтарында айыппұл тұрақтары жетіспейді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы айып тұрақтарын ашу мәселесін шешу қажет. Еліміздің көптеген аймақтарында айып тұрақтары жеткіліксіз. Мысалы, елордада 2-ақ коммуналдық тұрақ бар. Оның екеуі де толып кеткен, сыйымдылығы – небәрі 1,5 мың көлік», - деді Марат Ахметжанов.

Ішкі істер министрінің айтуынша, Ақтөбе мен Атырауда 1 ғана тұрақтан бар. Қарағандыда мүлдем жоқ.

«Нәтижесінде, тәркіленген автокөліктер заң талаптарына қайшы полиция бөлімдерінде сақталады», - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Марат Ахметжанов «Қорғау» қосымшасы жол ережесін жиі бұзатын және айыппұл төлемейтін жүргішулерді автоматты түрде анықтайтынын айтқан еді. Қосымша арқылы жалған нөмірмен жүрген 604 факті анықталды. 1 609 жүргізуші куәлігінен айырылды. 2 400 мемлекеттік нөмір тәркіленді. Айыппұл тұрағына 8 мың автокөлік қойылған.


Соңғы жаңалықтар