Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3 180 теңге болады. Мұндай түзету «2022- 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқылауға шығарылған заң жобасында 2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;

- зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;

- жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;

- базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 37 389 теңге болып белгiленген.

Айта кетерлігі, 2022 жылдың қаңтарында ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңгеге дейін, ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 19 450 теңгеге дейін өсті.

Сонымен бірге, жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге болып бектілді.

Ал базалық әлеуметтiк төлем мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 36 018 теңгеге дейін артты.


Соңғы жаңалықтар