+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қазақстанда аязға төзімді жүгері өсіру қолға алынады

2018 жылғы 16 қараша 14:02
Бөлісіңіз:
Қазақстанда аязға төзімді жүгері өсіру қолға алынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Baumgartner Agriculture Science and Service (BASS) пен қазақстандық Kusto Group компаниялары Қазақстанда алдыңғы технологияларды қолдана отырып, жем-шөптік дақылдардың тұқымын өндіретін бірлескен кәсіпорын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев және BASS иесі және бас директоры Эдвард Джосеф Баумгартнер KAZSEED кәсіпорынын құру туралы меморандумға қол қойды. Шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев қатысты.

«2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы міндеттердің бірі шетел инвесторларын, үлкен инновациялық компанияларды тарту болып отыр. Мақсат - таяу бес жылда еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру үшін жаңа технологияларды, жаңа ғылыми әзірлемелерді тарту. Өткен жылғы Президент сапарының қорытындысы бойынша америкалық компаниялармен жұмыс істеп жатқанымызды білесіздер. Бүгін міне тұқым өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы алғашқы шартқа қол қойылды», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев тұқым шаруашылығы саласындағы осындай мамандандырылған компанияның пайда болуы өсімдік шаруашылығын дамуы үшін өте маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. Озық технологиялар мен осы саладағы америкалық серіктестердің құзыреттілігі үрдістерді тұқым өндіруге ғана емес, сонымен қатар селекциялық жұмыстарға да жұмсауға мүмкіндік беретіндігін айтты. Мұнан бөлек, Еркін Тәтішев аязға төзімді жүгері тұқымын алу жұмыстары басталатындығын жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT