Қазақстанда аяқ киімді таңбалау жобасы іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді іске асыру аясында, сондай-ақ ҚР Премьер–Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен 2019 жылғы 17 шілдедегі № 20-3/05-2208 мәжіліс хаттамасының 8-тармағының 1) тармақшасын орындау шеңберінде аяқ киім тауарларын таңбалау және бақылау бойынша пилоттық жобаны іске қосты», - деді министрліктен.

Ақпаратқа сәйкес, ведомство іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеп, бекітті. Таңбалау Қазақстанға аяқ киімдерді жеткізу, өндіру және оның айналымындағы заңбұзушылықтарды азайту үшін қажет.

«Пилоттық жоба таңбалау механизмін сынақтан өткізу және нарыққа қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында іске қосылды. Оны өткізу кезеңі 2019 жылдың 30 шілдесінен 2020 жылдың 31 наурызына дейін. Ілкі жобаға қатысу ерікті болып табылады. Оған кез келген уақытта министрлікпен келісім бойынша қосылуға болады», - деді ҚР ИИДМ-нан.

Бүгінгі таңда пилоттық жобаға 11 кәсіпорын (өндірушілер мен импорттаушылар) қатысуда.

Соңғы жаңалықтар