Қазақстанда автоөндірісті дамыту бойынша шаралар жоспары ұсынылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі алдағы екі аптаның барысында Үкіметке Қазақстанда автокөлік өнеркәсібін дамыту бойынша шаралар жоспарын ұсынады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған ведомствоның вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

«Шаралар кешені Үкімет тарапынан қолдау тапты, шаралар жоспарын даярлау туралы тапсырма берілді. Қандай шешімдер қабылданатындығы тұрғысында алдағы екі аптада осы жоспарды ұсынатын боламыз. Бұл шаралар барынша ашық болуы тиіс, себебі бізде Кедендік одақ бойынша әріптестерімізбен бірыңғай нарық бар»,-деді А. Рау.

Отандық көліктерді сыртқы нарыққа шығару мәселесіне тоқталған вице-министр, қазіргі кезде ең алдымен еліміздің нарығында нығаю мақсаты тұрғандығын жеткізді.

«Бар күш-жігерімізді жинағаннан кейін экспорт туралы айтуға болады. Индустрияландырудың екінші бесжылдығының мақсаты экспортқа негізделген. Атап айтқанда, бұндай көрсеткіштерді аз уақытта жүзеге асыру оңай емес»,-деді А. Рау.

«Автоөндіріс саласына тоқталатын болсақ, төрт жылда біз өндіріс көлемін он есеге арттырдық. Бұл - үлкен жетістік. Осы бағытта біз жоспар аясында жүріп келеміз»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар