Қазақстанда автокөлік құжатын интернет арқылы рәсімдеуге болады - Асқар Жұмағалиев

Автор:  
Аян Бекенұлы

Қазақстанда автокөлік құжатын интернет арқылы рәсімдеуге болады - Асқар Жұмағалиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алдағы уақытта автокөліктерді рәсімдеуге қатысты құжат жұмыстары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, интернет арқылы реттеуге болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жартыжылдықтың соңына дейін бір жұмысты жүзеге асырамыз деп отырмыз. Нақтырақ айтқанда, автокөліктерді рәсімдеу жұмысы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, үйден интернет арқылы реттеледі. Яғни, сіз интернет арқылы тапсырыс беріп, қажетті құжатты «Қазпошта» арқылы ала аласыз. Бұл қадам көлік жүргізушілеріне ұнайды деген сенімдемін. Бізге осы жұмысты жүзеге асыру керек», - дейді Асқар Жұмағалиев.

Айта кетсек, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы тапсырмасы бойынша елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын.




Серіктестер жаңалықтары