Қазақстанда автобус парктері табысының үштен бірін жоғалтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы автобус парктері табысының үштен бірін жоғалтса, таксопарктер табысы 80%-ға азайған. Ал автокөліктік және қалалық электр көлігімен жолаушы тасымалдау- 37%-ға, жолаушылар айналымы - 38%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ranking.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Коронавирус індеті шыққаннан кейін автокөлік және қалалық электр көлігімен жолаушы тасымалдау 36,7%-ға, нақтырақ айтқанда 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 5,9 млрд жолаушыға азайды. Жолаушы тасымалы бірден 37,7%-ға кеміп, 63,9 млрд жолаушы-шақырымға қысқарды.

Автокөлік және қалалық электр көлігімен тасымалданған жолаушылардың басым бөлігі автобустарға тиесілі болатын: 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 4,4 млрд жолаушыға төмендеді. Сондай-ақ дәл осы автобус парктері ең үлкен құлдырауды көріп, бірден 38,6%-ға азайды.

Оның ізімен такси қызметі үлкен шығынға ұшырап отыр. Өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,5 млрд жолаушы тасымалдап, 30,3%-ға қысқарған. Бәрінен бұрын трамвай тасымалы ең төменгі қысқару деңгейін (17,3%) көрсетіп, 10,3 млн жолаушыны құраған.

Автокөлік және қалалық электр көлігі кәсіпорындарының табысы 7,9%-ға, 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 95 млрд теңгеге төмендеді. Жүк тасымалынан келетін кіріс 9,7%-ға өссе, жолаушылар тасымалынан түсетін кіріс 32,6%-ға азайып, 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 28,9 млрд теңгеге азайған.

Жолаушылар тасымалынан түсетін табыстың 90 пайызы автобустарға тиесілі. Олардың табыс көрсеткіші 26 млрд теңгені көрсетіп, өткен жылдан қарағанда 30,4%-ға азайды. Сонымен бірге такси табысы 83,8%-ға төмендеп, 389,2 млн теңгені көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар