Қазақстанда авиатасымалдаушылардың табысы артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы қаңтар-ақпанда авиатасымалдаушылар табысы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 19 пайызға артты, деп хабарлады finprom.kz.

Авиакомпаниялар табысының артуы - жолаушылар тасымалы.  2016 жылғы қаңтар-ақпандағы сомамен салыстырғанда, ағымдағы жылы жолаушылар тасымалынан түскен табыс 5 миллиард теңгеге ұлғайып, 33 миллиардқа жетті.

Бір жылда карго-тасымалдаудан түсім барынша аз, 3 пайызға  немесе 24 миллион теңгеге артты.

2017 жылы қазақстандықтар мен ҚР резиденті болып табылмайтындар 2015-2016 жылдармен салыстырғанда әуе көлігін барынша белсенді пайдалана бастады. Ағымдағы жылғы 2 айда авиатасымалдаушылар  911 мыңға жуық адамды тасымалдады. Бұл 98 мыңға немесе бір жыл бұрынғы деңгейден 12 пайызға көп.

Әуе тасымалы секторында белсенділіктің елеулі ұлғаюы Қазақстандағы азаматтық авиацияны дамытудың мемлекеттік мақсаттарына сәйкес келеді.

Соңғы жаңалықтар