Қазақстанда авиация саласында электронды құжатқа көшу үшін жаңа жүйе енгізіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда авиация саласында жолаушы және тасымал саласында қағаз құжаттан электронды құжатқа көшу үшін «e-Freight» жүйесін енгізу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның авиациялық əкімшілігі компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде «e – Freight» Қазақстан көлігін цифрландыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің алғашқы жобасындағы мәселелерге қатысты вебинар өтті.

«е-Freight ақпараттық жүйесі қазіргі уақытта бар қағаз құжаттарды әуе көлігімен жүктерді тасымалдауды дайындау, ресімдеу және орындау кезінде тиісті электрондық құжаттар мен хабарламаларға ауыстыруға арналған. Жобаны іске асыру жүк авиатасымалдары бойынша құжаттаманы ресімдеу тиімділігін арттыруға, жүк операцияларын өңдеу мерзімдерін қысқартуға және жүк авиатасымалдары мен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

Вебинарда өткен жылдың қорытындысы шығарылды. Осылайша, 2020 жылы жүйеде 84 738 электрондық әуе желісі өңделді, 17 әуе компания мен 15 әуежай қосылды, жүйенің жаңа функционалын қосу және қолданыстағы функционалын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Agriculture» ақпараттық жүйесімен интеграциялау аяқталып келеді, бұл қарапайым жүктер үшін ішкі тасымалдау бойынша әуе қоймаларынан бас тарту, санитариялық-карантин қызметтерінен электронды рұқсат, электронды карантин анықтамасы (сертификат) алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әуе компаниялардың қағаз тасымалдаудан бас тарту мүмкіндігімен халықаралық жүк тасымалдары бойынша электрондық авиажолағышты енгізу үшін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Астана-1» ақпараттық жүйесімен интеграцияның 1-кезеңі аяқталды.

ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның қолданыстағы заңдарына сәйкес, сондай-ақ ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын ескере отырып, құжаттар мен процестерді электрондық форматқа көшіруге қолайлы жағдай жасау үшін заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Авиациялық әкімшілігі тарапынан тұрақты негізде «e-Freight» ақпараттық жүйесіне қатысушылардың жұмысына мониторинг жүзеге асырылады. Әуе компаниялар мен әуежайлар тәжірибелерімен бөліп, ескерту, ұсыныс және жұмыстағы қателік мен кемшілікті жою бойынша міндеттерді бірлесіп шешуде.

«2021 жылға «e-Freight« ақпараттық жүйесін дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды. Атап айтқанда, 2021 жылғы 1-тоқсанда ауыл шаруашылығы министрлігінің «Agriculture« ақпараттық жүйесімен интеграцияны аяқтау және ішкі жүк-авиатасымалдар бойынша қағаздардан электрондық жүкқұжаттарға көшу, әуе компаниялардың қағаздардан бас тарту мүмкіндігімен халықаралық жүк тасымалдары бойынша электрондық құжатты енгізу үшін «Астана-1« Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесімен интеграцияның 2-ші кезеңін аяқтау, бірқатар негізгі функцияларды енгізу және жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін бірнеше модуль қосу», делінген хабарламада.

Кеңеске ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері, қазақстандық әуежайлардың тасымалдау және авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары, «Air Astana», «Scat» әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ «TransInfoTech» ЖШС жобасының жеке серіктесі қатысты.


Соңғы жаңалықтар