Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі 3,8% өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығында 1 124 млрд теңгеге жетті. Бұл 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,8% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚО Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, есепті кезеңде мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1 063,5 млрд теңгені құрады (өткен жылдың қаңтар-маусым аралығымен салыстырғанда 3,7% көп) Өсімдік шаруашылығы - 47,6 млрд теңге (+6,7%). Өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтердің көлемі 1,2 млрд теңге болды. Аңшылық шаруашылығындағы өнім көлемі 0,5 млрд теңге, орман шаруашылығында 0,5 млрд теңге, балық шаруашылықы мен су шаруашылығы 4,6 млрд теңге болды.

Соңғы жаңалықтар