Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі 3,5% өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар айында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтердің) жалпы көлемі 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,5% өсіп, 128 761,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, есептік кезеңде мал шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі 122 411,8 млн теңгені (былтырғы қаңтармен салыстырғанда 3,6% көп), өсімдік шаруашылығы - 4 527,4 млн теңгені құраған. Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет көлемі 37,3 млн теңге, аң шаруашылығындағы өнімдер (қызметтер) 75,3 млн теңге, орман шаруашылығында - 1 061 млн теңге, балық аулау және аквамәдениетте - 648,3 млн теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар