Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі 2,9 пайызға өскен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерін) жалпы көлемі 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 4167,6 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,9 % көп,  деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап өткенде, есептік кезеңде мал шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі 1806,8 млрд теңгені (былтырғы жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 3,9 пайыз көп), өсімдік шаруашылығы - 2329 млрд теңгені (+2,3 пайыз) құраған. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет көлемі 11,8 млрд теңге, аң шаруашылығындағы өнімдер (қызметтер) 0,8 млрд теңге, орман шаруашылығында - 12 млрд теңге, балық аулау және аквамәдениетте - 7,2 млрд теңгені құрады.

 

Соңғы жаңалықтар