Қазақстанда ауыл кітапханаларының қорын толықтыру акциясы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Отбасы күні қарсаңында ауыл кітапханаларының кітап қорын толықтыруға бағытталған «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы», «Рухани жаңғырту» қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерделеу орталығымен бірлесе қолға алған акция осы жылдың 16 тамызы мен 20 қыркүйегі аралығында өткізіледі. Еліміздің барлық өңіріндегі ауыл кітапханаларына кітап жинау және жеткізу іс-шарасына балалардың болашағына бей-жай қарамайтын кез келген азамат, бастамашы топтар, коммерциялық ұйымдар шақырылады.

Ауыл кітапханаларына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген заманауи балалар мен жастарға арналған әдебиеттер керек. Мұндай басылымдарды кітап не болмаса электронды тасымалдағыш түрінде ұсынуға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің дамуына септігін тигізетін үстел ойындарын да беруге болады.

Жиналған кітаптарды «Рухани жаңғыр» жобалық кеңесінің өзіңізге таяу орналасқан кеңсесіне әкелуіңіз қажет. Ал кітаптардың электрондық нұқасын [email protected] поштасына жібере аласыз.


Соңғы жаңалықтар