Қазақстанда әуе рейсі кешіккенде салынатын айыппұлдың көлемі артуы мүмкін
2022 жылғы 8 тамыз 18:53

Қазақстанда әуе рейсі кешіккенде салынатын айыппұлдың көлемі артуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде әуе рейстерінің кешігу фактілеріне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл жайында Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.Өскенбаевтың тапсырмасымен Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуіне байланысты тергеу жұмысын жалғастырып жатыр. Атап айтқанда, тергеу басталғаннан бері «Эйр Астана» әуе компаниясы тобына қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 567-бабы 2-тармағы бойынша рейстердің кешігуіне байланысты жолаушылар құқығының бұзылуына орай әрқайсысы бір мың АЕК-ті құрайтын 4 хаттама жасалды», - деп атап өтті ведомстводан.

Комитет қазіргі уақытта өз тарапынан тергеу жалғасып жатқанын, әуе рейстерінің кешігуіне қатысты жаңа фактілер анықталған жағдайда тасымалдаушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын атап өтеді.

«Бұған қоса, рейстер кешіккен жағдайда әуе компанияларының жауапкершілігін күшейту мақсатында қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, аталған жұмыс аясында рейс кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін айыппұл мөлшерін арттыру мәселесі қаралу үстінде», - деді комитеттен.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT