Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қазақстанда әуе билеттері арзандауы мүмкін

2018 жылғы 24 қыркүйек 11:46 114
Бөлісіңіз:
Қазақстанда әуе билеттері арзандауы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы Қазақстанда әуе билеттерінің құны арзандауы мүмкін. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутаттар әуе билеттері бағасының жоғары болуы туризмді дамытуға кедергі болып отырғандығын атап өтті.

Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев бұл бағытта министрлік тиісті жұмыстарды атқарып жатқанын айтты.

«Бізде балаларға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастарға арналған жеңілдіктер ескерілген жолаушыларды тасымалдау ережелері бекітілген. Дегенмен де, тасымалдау құнына қатысты мәселе әлі де бар. Қазіргі кезде Энергетика министрлігімен бірлесе біздің ұшақтар паркі үшін өзіміздің авиакеросинмен қамтамасыз ету бөлігінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы жылы толықтай отандық авиакеросинмен қамту жоспарланып отыр. Менің ойымша, келесі жылы оңтайлы нәтиже байқалады», - Т. Тоқтабаев.

Оның атап өтуінше, билет құны бірнеше индикаторлар есебінен қалыптасады. Соның ішінде авиаотын бағасы негізгі көрсеткіш болып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінде туристік саланы дамытуға арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы электрондық виза тетігі қашан енгізілетінін айтты. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT