Қазақстанда аудандық маңызы бар қалаларға ауыл мәртебесін беру тәртібі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Әлия Сапарова Қазақстанда аудандық маңызы бар қалаларға ауыл мәртебесін беру тәртібі қалай іске асырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Әлия Сапарова Парламент Мәжілісінде «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өңірлердің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған болатын. Заң жобасына сәйкес, еліміздегі аудандық маңызы бар 13 қалаға ауыл мәртебесі беріледі.

Заң жобасын талқылау барысында депутат Ержан Құдайберген осы мәселеге байланысты заң жобасын оқыған мәжілісмен Әлия Сапароваға сұрақ қойды.

«Аталған заң жобасы аудандық маңызы бар қалаларды ауыл етіп қайта құруды көздейді. Ал енді осы қалаларды ауыл ретінде қайта құрудың тәртібі қалай болады?» - деп сұрады Ержан Құдайберген.

Бұл сұраққа жауап берген Әлия Сапарова аудандық маңызы бар қала әкімдері осы қалаларды ауылды елдімекен ретінде қайта құруды ұсынысты аудандық атқарушы органдарға енгізетінін мәлім етті.

«Аудан билігі мақұлдаса, ондағы билік осы ұсынысты облыстық мәслихаттар мен әкімдіктерге жолдайды. Ол ұсыныс облыс деңгейінде қолдау тапса, Үкімет деңгейіне жіберіледі. Үкімет қолдаса, Мемлекет басшысына осыған қатысты тиісті ұсыным енгізіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар