Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, мына жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған:

1. Екатеринбург-Алматы, 444-540-шақырымы (Федоровка-Қостанай)

2. Екатеринбург-Алматы, 555-686-шақырымы (Тобыл - Сарыкөл)

3. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған , 3-106-шақырымы (Қостанай-Әулиекөл)

4. Мамлютка-Қостанай, 250-404-шақырымы (Ұзынкөл-Тобыл)

5. Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай, 547-231-шақырымы (Қостанай-Ақтөбе облысы)

6. Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ, 0-50, 82-174-шақырымы (Денисовка-РФ шекарасы)

Республикадағы жолдарда 517 арнайы техника жұмыс істеуде.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар