Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 4 тасжолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен-Риддер-РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Белоусовка-Риддер) тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалыс шектелген. Өскемен- Шемонаиха - РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Глубокое-Шемонаиха) тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне жолда жүруге тыйым салынды. Семей-Қайнар тасжолының 8-144 шақырымы аралығында (Семей-Саржал), Өскемен- Шемонаиха - РФ шекарасы тасжолының 105-123 шақырымы аралығында (Шемонаиха- РФ шекарасы) жол жабылды.

Ведомствоның ақпараты бойынша, республикалық маңызы бар тасжолдарда 773 техника жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолының 17 шақырымынан (Сазды ауылы) - 190
шақырымына дейін («Ақтөбе-Астрахан» тас жолы) барлық автокөлік түріне қозғалыс тоқтатылды.

Төтенше оқиғаға тап болған жүргізушілер 1403 нөміріне байланыса алады.

Еске салайық, синоптиктердің болжауынша бүгін Қазақстанда қар жауып, бірқатар өңірде боран және көктайғақ болады.



Соңғы жаңалықтар