Қазақстанда ATP 250 турнирі тұрақты өткізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан теннис федерациясы Кәсіпқой теннис қауымдастығынан ATP 250 турнирін тұрақты өткізуге лицензия алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Федерациядан түскен мәліметке қарағанда, бұған Қазақстан теннисінің табыстары нәтижесінде қол жетті.

Халықаралық теннис федерациясының (ITF) вице-президенті мен Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың тікелей араласуымен елімізде осындай жоғары деңгейдегі жарыс енді үнемі өтетін болды.

«Бізде Қазақстанда ірі турнир өткізуде жақсы тәжірибе бар. Бұрын мұндай додаға рұқсат сұраған кезде осыған дайын екенімізді дәлелдеу қиынға түсетін. Енді ешкімнің күдігін тудырмайтын болды. Бұған – осыған дейін ұйымдастырылған Astana Open 2020 және 2021 жарыстары дәлел. Бұл балалар теннисінен кәсіпқой деңгейдегі турнирге дейінгі қажырлы жұмыстарымыздың жемісі деуге болады. Біз қазақстандық ойыншылардың әлемдік элитаға енуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.

Биылғы Astana Open ATP 250 турнирі күзде өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елорда турнирінде Жібек Құламбаеваның жартылай финалға шыға алмағанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар