Қазақстанда атом энергетикасын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде атом энергетикасын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлікке атом саласын дамыту стратегиясы бойынша тапсырмалар берілді. Біз тапсырманы орындауға кірістік. Қазіргі кезде стратегияны даярлап жатырмыз. Онда қауіпсіздік технологиясына, атом саласы бойынша нақты технологияны таңдау, энергия балансы құрылымында атом генерациясы көлеміне қатысты мәселені қамтып, олар бойынша тиісті жауапты беріп, құжатты Үкіметтің қарауына енгіземіз», - деді Ж. Нұрмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, британдық NNWI орталығының президенті Тим Йео Орталық Азияның энергетика саясатында елеулі өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар биыл мамыр айында елордада атом электр стансасының құрылысына қатысты дөңгелек үстел өтті.

Еуразия ұлттық университеті мен «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бірлесе ұйымдастырған іс-шара барысында мамандар АЭС тақырыбын жан-жақты талқыға салды.


Соңғы жаңалықтар