Қазақстанда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 мамырда ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік ата-аналарды жалпыұлттық жиналысқа қатысуға шақырды.

«ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ата-аналар балалары оқитын мектепке барып үлгеруі үшін жұмыс берушілерден осы күні қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы оқушылар бар және қазіргі мектептерді ойлайтын әрбір қазақстандық отбасыға қызықты болу керек.

Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні ата-аналар мектепке келіп, мектеп басшыларымен, сынып жетекшілерімен және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарға мардымды жауап алу мүмкіндігіне ие болады.

Соңғы жаңалықтар