Қазақстанда ата-аналарды ДДСҰ бағдарламасы бойынша оқыту басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып, СST бағдарламасы бойынша дамуында ерекшелігі бар балаларға күтім жасау дағдыларына ата-аналарды оқыту үшін жаттықтырушыларды даярлауды бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш ведомомтвоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкентте 14 адамнан тұратын болашақ жаттықтырушылардың бірінші тобын оқыту 19-23 шілде аралығында өтеді. Қажетті білім мен дағдыларды игергеннен кейін, олар 56 баламен отбасыларымен қоса айналысады.

Оқу курсына материалдарды бейімдеу, жаттықтырушыларды даярлау, мамандар мен ата-аналарды оқыту кіреді. Сондай-ақ дамуында кідірісі бар, оның ішінде аутистік спектрдің бұзылуы байқалатын 2-9 жастағы балаларды күтіп-бағумен айналысады.

Курс мақсаты - ата-ана мен баланың оңтайлы өзара іс-қимылын дамыту, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бейімделу дағдыларын дамыту. Мұнымен қатар, жоба жүйкеге салмақ түсетін кездерді басқару дағдыларын дамытуды көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, CST (CaregiverSkillsTrainingforFamiliesofchildrenwithdevelopmentaldisoders) – бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ата-аналарға дамуы кеш немесе дамуы артта қалған балаларға күтім жасау дағдыларын үйретуге арналған бағдарламасы.

Онда мінез-құлықты қолданбалы талдау, даму туралы ғылым, әлеуметтік коммуникация іс-шаралары, оң тәрбие және өзіне-өзі қызмет көрсету әдістері қағидаттары қолданылады.

Сонымен қатар, нақты жағдайда не істеу керек, жақын болашақта қандай міндеттер межелеген абзал сияқты ересек тарап пен баланың өзара әрекеттесуінің қадамдық стратегиялары бар.


Соңғы жаңалықтар