Қазақстанда астықтың таза салмағы 20 миллион тонна көлемінде болады - АШМ

None
None
ашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Ауыл шарушылығы вице-министрі Мұрат Оразаев биылғы жылы орылған астықтың таза салмағы жайлы айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Астықтың таза салмағы 20 миллион тонна көлемінде болады деп күтілуде», деді М. Оразаев.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан астығының экспорттық әлеуеті 9 миллион тоннаны құрамақ.

 Айта кетейік, биылғы жылы бункерлік, яғни өңделмеген салмақта 22 миллион 800 мың тоннадан астам астық жиналған еді.

Соңғы жаңалықтар