Қазақстанда әскери жарғы білгірлері өзара бақ сынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрінің тапсырмасына сәйкес Әскери полиция Бас басқармасы әскери қызметкерлердің жалпы әскери тәртіп ережелерінің барлық санаттарын үздік білетіндер арасында конкурс өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конкурс әскери қызметтің имиджін көтеру, әскери қызметшілердің моральдық-этикалық сипатын жақсарту, сондай-ақ олардың өз міндеттерін үлгілі орындауы үшін өткізіледі.

Байқау үш номинация бойынша өткізіледі: «жоғарғы, аға офицерлер мен аға сержанттар арасындағы үздік сарапшы», «кіші офицерлер мен кіші сержанттар арасындағы үздік сарапшы», «қатардағы жауынгерлер, кадеттер, курсанттар арасындағы үздік сарапшы». Бес кезеңнен тұрады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің өмірі мен күнделікті қызметі әскери шарттарға сәйкес заңдық құжаттармен қатаң тәртіпте реттелетінін атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар