Қазақстанда әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлер іріктеліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы әскери басқармасының жергілікті органдарында Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлер алдын ала іріктеліп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасының әскери басқармалары жергілікті органдарының лауазымды тұлғалары жоғары әскери оқу орындарына түсуге үміткерлердің жеке қасиеттерін, олардың денсаулық жағдайын, әскери-кәсіби бағыттарын, дене дайындықтары мен жалпы білім беру дайындықтары деңгейін зерттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Жоғары әскери оқу орындарына түскісі келетін түлектерді іріктеу шаралары биыл қаңтарда басталған және шілдеге дейін жалғасады. Кәсіби бағдарлау жұмыстары ҚР Қорғаныс министрлігінің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде аумақтық білім беру мекемелерімен және алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-мұғалімдермен бірлесіп жүргізілуде.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда «Бакалавр» бағдарламасы бойынша әскери мамандарды үш жоғары оқу орны дайындайды. Оларға Құрлық әскерлері әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты кіреді.

Соңғы жаңалықтар